Astana Open турнирінің барлық ширек финалисі анықталды

1 Қазан 2023, 14:38
832
Бөлісу:
Astana Open турнирінің барлық ширек финалисі анықталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP 250 Astana Open турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Александр екінші айналымда әлемдік рейтингіде 58-орында тұрған аустриялық Себастьян Офнерден 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Енді Себастьян Офнер 1/4 финалда өз отандасы Доминик Тиммен кездеседі.

Теннисшілер осымен бесінші рет ойнағалы жатыр. Әзірше Доминик Тим 3-1 есебімен алда тұр.

Ширек финалдық қалған матчтарда келесі теннисшілер ойнайды:

  • Таллон Грикспур (Нидерланд) - Себастьян Корда (АҚШ);
  • Иржи Легечка (Чехия) - Хамад Медьедович (Сербия);
  • Адриан Маннарино (Франция) - Юрий Родионов (Аустрия).

Ал жұптық сында Александр Недовесов жартылай финалға бір қадам жетпей тоқтады. Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге 1/4 финалда Ариэль Беар (Уругвай)/Адам Павласекке (Чехия) 3:6, 6:4, 5:10 есебімен есе жіберді.

Өзгелердің жаңалығы