"Astana Open-2023": Елордада өтіп жатқан турнирдің алғашқы финалисі анықталды

3 Қазан 2023, 01:14
665
Бөлісу:
"Astana Open-2023": Елордада өтіп жатқан турнирдің алғашқы финалисі анықталды
Фото: ktf.kz

Астанада АТР-250 турнирінің жартылай финалдағы ойындары өтіп жатыр. Жекелей сын бойынша бірінші финалист анықталып та үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Америкалық теннисші Себастьян Корда (АТР 28) Сербия өкілі Хамад Меджедовичті (АТР 120) 6:7 (8:10), 7:6 (7:2), 7:6 (7:3) есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 53 минутқа созылды.

Финалда ол Себастьян Офнер – Адриан Маннариноның бірімен ойнайды.

Алдында Анна Данилина Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымына шыға алмағаны хабарланған болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы