Астана мейрамханаларында иттің еті берілді ме? Министрлік жауап берді

Вице-министр Астанадағы мейрамханаларға қатысты даулы ақпаратқа жауап берді.

 ©BAQ.KZ архиві/Ғазиз Шәкіров Бүгiн 2026, 12:40
Бүгiн 2026, 12:40
160
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ғазиз Шәкіров

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Астанадағы бірқатар танымал мейрамханаларда қонақтарға берілген тартылған ет өнімдерінің құрамында ит еті болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты естідік. Ауыл шаруашылығы және оның құзыретіне кіретін Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстанның нарығына кірген еттерді тексереді. Әр келген еттің партияларына да арнайы анықтама беріледі. Одан кейін ветеринарлар зертханаға еттің сынамаларын беріп, тексерістен өткізеді. Бірақ өздеріңіз білетіндей, иттің етін тамаққа жарамайтынын өздеріңіз де білесіздер, - деп жауап берді вице-министр.

Сонымен қатар ол бұл мәселеге қатысты тексеріс жүргізе алатын мүдделі мемлекеттік органды атады.

Ол – Санитариялық-эпидемиологиялық қызметі (Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті – ред.). Тамақ беретін мейрамханалар, кафелердің қызметін тексеру Ауыл шаруашылығы министрлігінің емес, солардың (СЭБК – ред.) құзыретіне кіреді. АШМ тек қана нарыққа келген шикізат сияқты еттерді тексереді. Осы тараптан ешқандай қауіп жоқ. Нарыққа келген барлық етті біз тексереміз, - деді Азат Сұлтанов.

Айта кетейік, осы орайда BAQ.KZ редакциясы осы мәселеге байланысты ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне ресми сауал жолдады.

Айта кетейік, енді Қазақстанда жануларды қатыгездікпен өлтіргендер 5 жылға сотталуы мүмкін. 

Тағы оқи отырыңыздар: Бұралқы иттерді асырау қанша тұрады? Шығын есептелді

Қаңғыбас иттерге бөлінген миллиардтар қайда? Депутаттар тексеру жүргізуді талап етті.

Наверх