Астана мен Шымкентте автокөлікте өрт болды

20 Сәуір 2024, 23:45
377
Бөлісу:
Астана мен Шымкентте автокөлікте өрт болды
Фото: скрин

Елордада көшеде жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы мен Бұқар Жырау көшесінің қиылысының жүріс бөлігінде жеңіл автокөліктің жануы орын алды, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта өрт жойылды, зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында автокөлікте орын алған өрт сөндірілді

Қаратау ауданында Н.Назарбаев даңғылы мен Шаяхметов көшесінің қиылысында жеңіл автокөліктің салоны мен мотор бөлігінде өрт орын алды. Өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірілді.

Өзгелердің жаңалығы