Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 01:29
564
Бөлісу:
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: архив

Синоптиктер 14 наурызда Астанада және Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда да көктайғақ болу қаупі жоғары.

Қостанай облысында түнде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, батысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі деп күтіледі

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жаяу бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысынд оаңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойысса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

Астанада көктайғақ болу қаупі жоғары.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.

14-15 наурызда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 30 м/с дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы