Астана мектептерінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

15 Мамыр 2023, 15:17
1451
Бөлісу:
Астана мектептерінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті
Фото: Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы

11-12 мамыр күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Астана мектептерінде терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Астана қаласы Білім басқармасы бірлесіп, №89 мектеп-лицейінде өткен оқу-жаттығуға қатысып, қауіпсіздік шараларын тексерді.

Оған қаланың барлық оқушылары мен мұғалімдері және білім беру ұйымының қызметкерлері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында «Білім беру объектілерінде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» аясында бекітілген алгоритмдер тәжірибе жүзінде пысықталды.

Астана мектептерінде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті



Іс-шара барысында мектеп ұжымына терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды.

Оқушыларға нұсқау беріліп, қызметкерлер мен білім алушыларды жедел эвакуациялау ұйымдастырылды.

Техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі, турникет және бейнекамералардың жұмыс істеуі және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымының жедел әрекет етуі тексерілді.

Айта кетейік, оқу-жаттығу тек профилактикалық мақсатты көздейді. Елорданың мектептерінде терроризмге қарсы бағыттағы мұндай оқу-жаттығулар жоспарға сәйкес тұрақты жүргізіліп тұрады.

Өзгелердің жаңалығы