ASTANA MEDIA WEEK 2021. Қазақтілді мерзімді басылымның болашағы талқыланды

28 Қыркүйек 2021, 22:26
1691
Бөлісу:
ASTANA MEDIA WEEK 2021. Қазақтілді мерзімді басылымның болашағы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ASTANA MEDIA WEEK 2021» медиа апталығы аясында «Қазақтілді мерзімді басылымдардың болашағы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел өтті.

Жиынның басты мақсаты – Қазақ тілді мерзімді басылымдардың, соның ішінде газеттер мен журналдардың болашағы қандай болмақ сұрағына жауап беру. Осы орайда медиа менеджерлер және медиа сарапшылар арасында диалог ұйымдастыру.

Осындай маңызды тақырыпқа талдау жасау үшін кездесуге келесі сарапшылар қатысты.

• Кемелбек Ойшыбаев – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;

• Нұртөре Жүсіп – журналист, ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

• Айбын Шағалақ – журналист, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары;

• Срайыл Смайыл – журналист, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы;

• Нұрмұхамед Байғара – журналист, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы;

• Өмірбек Сансызбай – журналист, «Massaget.kz» порталының бас редакторы;

• Ләйлә Сұлтанқызы – белгілі журналист, медиаменеджер.

Кездесудің алғашқы блогында баспа саласының басы-қасында жүрген журналист, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары Айбын Шағалақтың және «Massaget.kz» порталының бас редакторы Өмірбек Сансызбайдың баяндамалары тыңдалып, медиасарапшылардың пікірлері тыңдалған болатын.

Баяндамашылардың пікірінше, «қазақ баспасөзінің болашағы үшін әлі де күресуге болады. Бірақ ол үшін заман талабына бейімделіп, ақпараттық-коммуникациялық технология жетістіктерін газет-журналдың игілігіне икемдеуге ұмтылу керек.... Оқырман аудиториясын ұлғайту үшін дәстүрлі басылымдар өз сайттарын немесе электронды нұсқаларын дамытуы керек».

«Айқын» республикалық газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараның айтуынша, қазақтілді басылымдар орыстілді мерзімді басылымдармен бәсекеге түсуі қажет. Газет-журналдар өз жұмысын тоқтатпауы үшін біріншіден, мерзімді басылымдарға дәстүрлі жазылу мен онлайн жазылу жұмыстарын тоқтатпау. Екіншіден, газет редакциялары өз оқырмандарын сақтап қалу үшін қоғамдағы барлық өткір мәселелерді ашық әрі сараптама түрінде жазу керек.

Жиналған сарапшылардың басты сұрағы «Қазақтілді мерзімді басылымдарға және де жалпы журналистерге мемлекет тарапынан қандай қолдау бар?» болды. 

Бұл сұраққа Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев жауап берді.

Министрлік тарапынан тарихы бар мерзімді басылымдарғақолдау көрсету үзілмеді. Қазақтілді мерзімді баспалардың өркендеп дамуы журналистредің кәсібилігіне де байланысты дүние. Бүгінгі күні ел бойынша отызға тарта жоғары оқу орындары жыл сайын 600-ге жуық жас журналис маманын нарыққа дайындап шығарады екен. Бұл жастардың қаншалықты кәсіби дұрыс оқытылғанын зерттеп-зерделеу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп осы аталған оқу орындарын тексеруді жоспарға алып отыр. Бүгінгі күні журналистерді акредитациялау бойынша ережеге біршама өзгерістер де енгізілді. Бейбіт жиналыстар кезінде журналистердің жұмысына кедергі келтірмейтін орындарды белгілеу - бұл жүзеге асқан дүние. Осы тұста айта кетейін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен «Журналистерді қорғау регламенті» әзірленуде. Аталмыш регламентте журналистер өз қызметін атқару барысында қудалауға ұшырауынан қорғалу мәселесі, журналистердің ресми сұрауларына мемлекеттік органдар жауап қайтармаған жағдайдағы іс-әрекеттер, журналистерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне баса назар аударылды - деді ол. 

Ал Нұртөре Жүсіп «Еңбек минстрлігі өткен жылы «Қазақстандағы көпбалалы аналарға арналған әлеуметтік кепілдендірілген пакет» заңын қабылданғанын айтты. 

Сол «пакеттің» ішінде балаларға арналған киім-кешек, азық-түліктер бар. Менің ұсынысым, осы «пакетке» мемлекеттік «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен» дәстүрлі балаларға арналған басылымдарды енгізу керек - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы