«Астана LRT» бойынша жеті адам сотталды

29 Мамыр 2021, 09:34
8800
Бөлісу:
«Астана LRT» бойынша жеті адам сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT құрылысына бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша сот үкімі шығарылды.

Судья Қажымұқан Мекемтас жариялаған сот үкімі бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы жетекшісі Рашид Аманжолов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды. Қауіпсіздігі жоғары мекемеде (қатаң режимдегі колонияда) жазасын өтейді;

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, «НұрТрейд» ЖШС («Астана LRT»-ның қосалқы мердігері) бұрынғы директоры Ұлықбек Ачилов, мердігердің өкілдері Тимур Қасабаев, Дәурен Әбдіхамитов 8 жылға сотталды. Үшеуі де қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді;

Astana Innovations компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім мен мердігердің тағы бір өкілі Дулат Мусенов 7 жыл түрме жазасы берілді;

Бұған дейін прокурор оларды 7-11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр.

Тергеу органдарының мәліметінше, шенеуніктер кәсіпкерлермен бірге жоба құнын жасанды түрде қымбаттатқан. Олар қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 млрд теңгеге артық көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы