Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Астана күнінде неге отшашу болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сондай-ақ журналистер отшашудың болмауы еліміздің тұңғыш президентіне қатысты бар ма? деп сұрады.
Биыл Астана күнінде біз ешқандай отшашуды ұйымдастыруды жоспарлаған жоқпыз. Сіздің айтқандарыңызға (ред. - ҚР тұңғыш президентінің тұлғасы) оның ешқандай байланысы жоқ. Қала жұртшылығы да мұны қаламайды, сондықтан отшашу да болмайды, - деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.