«Астана» - «Қайрат» арасындағы кездесуді қайдан көруге болады?

23 Мамыр 2021, 14:40
2600
Бөлісу:
«Астана» - «Қайрат» арасындағы кездесуді қайдан көруге болады?

Бүгін cағат 21.00-де орталық турдың басты ойыны «Астана» - «Қайрат» клубтары арасында кездесу өтеді. Бұл туралы «Астана» ФК баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан чемпионаты ойынына стадион сыйымдылығы 20% аспайтын көрермендердің болуына рұқсат етілді. Стадионға ASHYQ қосымшасы арқылы кіре аласыз. Оны стадионға келмес бұрын, телефоныңызға алдын ала жүктеп алу қажет. Авторизациядан өтіп алсаңыз, Сізге тек QR кодты сканерлеу ғана қалады, - делінген хабарламада.

Матч «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ ойынды Ұлттық арнаның ресми сайты арқылы да онлайн тамашалау мүмкіндігі бар.

Ел чемпионатындағы 12 турдан кейін елордалық «Астана» 32 ұпаймен көш басында болса, алматылық «Қайрат» 20 ұпаймен 4-орында келеді.

Өзгелердің жаңалығы