Astana Hub технопарктің цифрлық нұсқасын таныстырды

8 Шілде 2021, 11:46
1886
Бөлісу:
Astana Hub технопарктің цифрлық нұсқасын таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Astana Hub технопаркінің цифрлық нұсқасында көп процесс автоматтандырылған.

Технопарктің цифрлық таныстырылымында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Astana Hub-пен бірге қазіргі таңда мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейтінін айтты.

Astana Hub 2018 жылы Елбасының бастамасымен құрылған болатын. Оның салық және өзге жеңілдіктерін кәсіпкерлер қолданады. Astana Hub құрылғанынан бері тек акселерация мен инкубациямен айналыспайды. Адами капитал тұрғысынан жаңа бағыттарды меңгеру бойынша жұмыс істеп келе жатыр, - деді Мусин.

Өз кезегінде Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев astanahub.com цифрлық нұсқасын таныстырды.

 

Біз өзгеше форматтағы онлайн хакатон байқауын өткіздік. Байқауда аталған платформаны қалыптастырған команда жеңісе жетті. Цифрлық платформада бағдарламаларға қатысуға өтінімдер қабылдаудан бастап, салықтық және визалық преференциялар алатын технопарк резиденттері үшін онлайн есептілікті толтыруға дейінгі барлық ірі және ұсақ процесс  автоматтандырылған. Сондай-ақ жаңалықтар лентасы, қатысушыларды тіркеу, қызметтер мен вакансиялар, шаралар бар. Платформа аясында жұмыс үнемі жетілдіріліп отырады, - деді Мадиев.

 

Өзгелердің жаңалығы