«Бұл үйді сізден ешкім тартып алмайды». Биыл қанша елордалық баспаналы болады?

14 Қыркүйек 2020, 15:24
2216
Бөлісу:
«Бұл үйді сізден ешкім тартып алмайды». Биыл қанша елордалық баспаналы болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов «Желмая» жобасында биыл қанша елордалық баспаналы болатынын айтты. 

Дәурен Бабақұмаров биыл елордада 8 мың пәтер пайдалануға берілетінін айтты. 

Бірақ оның аражігін ашып алу керек. Оның ішінде 7 мыңға жуық пәтер несиелік болып саналады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» бағдарламалары арқылы арзандатылған несие аласыз. Ең төменгі ставка «Бақытты отбасы» бойынша 2 пайыздан басталады. Ал қалған мың пәтер, ақысыз, арендалық пәтер. Бұл санатқа елордада о бастан кезекте тұрғандар жатады. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған топтың ішінде болуыңыз керек. Тұрғындар 11 санат бойынша іріктеледі. Заң бойынша бірінші басымдық жетімдерге беріледі. Бастапқы жарнасыз арендалық сомасын төлеп тұра береді. Бұл үйді сізден ешкім тартып алмайды. 5 жыл сайын келісімді ұзартып отыру керек. Түбінде үй тұрғынның өзінде қалады. Мәңгі тұрады сол үйде, - деді ол. 

 Бабамұратов бұл баспаналар шартсыз, жалақы көрсеткішісіз берілетін пәтер екенін айтты. 

Қазір Жағалаудың жанынан, Байқоңыр мен Қошқарбаев көшелерінде салынып жатыр. Яғни, қаланың үш нүктесінен салынып жатыр. Тәп-тәуір үйлер. Биыл 8 мыңға жуық елордалық баспаналы болады деп үміттеніп отырмыз. Әрине, 8 мың үй де жеткіліксіз. Бірақ бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп, - деді ол. 

Сондай-ақ, әкімнің кеңесшісі Қабанбай батыр даңғылындағы 8 жолақты жол туралы айтып өтті.

Бұл бір күнде не болмаса бір адам қабылдаған шешім емес. Бұл ақылдасып, кеңесіп шешілген мәселе. Халықпен, мәслихатпен және Мемлекет басшысының келісуімен жүйеленген шешім. 90 млрд теңгенің айналасындағы қаржы тек жолға ғана бөлінбейді. Ол абаттандыру мен айналасындағы инфрақұрылымға кететін ақша. Асфальттың құрылысына оның оннан бірі ғана кетеді. Бұл - қалаға салынып жатқан инвестиция. Оны осылай түсіну керек, - деді ол. 

Кеңесші атап өткендей, қаржы жолдың айналасындағы құбырлардың инфрақұрылымына, адам жүретін тротуарларға жұмсалады. 

Қабанбай батыр даңғылындағы жолдың маңыздылығы өте жоғары. 300 мың адам елордаға сырттан келіп жұмыс істейді. Соның басым көпшілігі осы көшенің бойындағы Қабанбай батыр ауылы бар, Қосшыдан келеді. Бұл жерде бір-ақ жолақ. Үнемі кептеліс болады. Оны алып тастау үшін көшені автобуспен жүретін азаматтарға ыңғайлы болады дедік. Бір жолағы автобустарға арналған. Оны алып тастай алмаймыз. Халықтың басым көпшілігі автобуспен жүреді. Сондықтан автобус үшін арнайы жолақ бар, олар кептеліске қарамай жүре береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы