Astana Finance Days: Гендерлік алшақтықты жою

2 Шілде 2021, 13:05
1120
Бөлісу:
Astana Finance Days: Гендерлік алшақтықты жою

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Finance Days аясында әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған форум өтті. 

Форумның ашылуы Дүниежүзілік экономикалық форумның акселераторына арналған «Closing the Gender Gap» сессиясымен ерекшеленді. 

«Closing the Gender Gap» акселераторы әйелдердің жетекші лауазымдарға көтерілуіне жақсы мүмкіндіктер құруға және тез дамып келе жатқан секторларға қайта жұмысқа орналасу мақсатында оқыту арқылы жұмыс күшінің қатысуын арттыруға бағытталған. Ынтымақтастық моделі болашақ ұрпақтар үшін гендерлік теңдікті жеделдету мақсатында мемлекеттік және жеке сектор басшыларын біріктіреді. Қазақстан Орталық Азия елдерініңарасында акселераторға қосылған ең алғашқы мемлекет болды. Қазақстанның мемлекеттік органдары, Дүниежүзілік экономикалық форум  және «Астана халықаралық қаржы орталығы» ниет хатына қол қойды.

Сессияға  Дүниежүзілік экономикалық форум мен Қазақстан өкілдері қатысты.

Сессия барысында Астана халықаралық қаржы орталығы   Дүниежүзілік экономикалық форум   ұлттық деңгейдегі бастаманы құрғаны үшін, әртүрлі елдердегі гендерлік тепе-теңдікті сақтауға және әйелдердің біліміне, дамуына және кәсіби өсуіне қосқан үлесі үшін, сондай-ақ, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсарту тәжірибелерін енгізгені үшін арнайы марапатын табыс етті.

Дүниежүзілік экономикалық форум атынан мен Астана халықаралық қаржы орталығының  Арнайы марапатына ие болғанымыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіргім келеді. Гендерлік теңдікке қол жеткізу жұмыс орнында, білім беру жүйесінде және үй шаруашылығында өте маңызды міндет болып қала береді, және біз осы мақсатқа жетуге ұмтыламыз. Бұл қиындықтарды шешу қиын болғанымен, үкімет пен бизнес көшбасшылары арасындағы ынтымақтастық арқылы біз жүйелі және тұрақты прогреске қол жеткізе аламыз. Біз Қазақстандағы акселераторды іске қосу арқылы экономикалық саладағы гендерлік алшақтықты жою жолындағы серіктестігімізді асыға күтеміз, - деді Дүниежүзілік экономикалық форумның басқарушы директоры Саадия Захиди.   

Астана халықаралық қаржы орталығы  үйлестіруші рөлінде жеке және квазимемлекеттік компанияларды акселератор бағдарламасына қосылуға шақырды. Бұл жеке және мемлекеттік секторлардың бірлескен ірі жобаларының бірі.  Оған қатысуға 50-ден астам компания шақырылды.

 

Біздің гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі көзқарасымыз «Closing the Gender Gap» акселераторының мақсаттарына толық сәйкес келеді. Мен жеке сектордағы компанияларды осындай жаһандық бастамаға қатысуға, осы мәселені жақсарту бойынша өз пікірлерімен бөлісуге, сондай-ақ Қазақстанда және бүкіл әлемде гендерлік теңдікке қол жеткізуге үлес қосуға шақырамын, - деді  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова. 

 

Астана халықаралық қаржы орталығның басқарушысының аға кеңесшісі  Анар Омарова қаржы орталығының   әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында белсенді шаралар қабылдау үшін мемлекеттік-жекеменшік ынтымақтастықты дамытуға жауапты ұлттық үйлестіруші ретінде қосылғанын атап өтті.

 

 

Бұдан әрі қарай біз квазимемлекеттік және жеке секторлармен бірге жергілікті деңгейде терең талдау мен бағалауды жүргізетін боламыз, және әр түрлі саладағы және деңгейдегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында негізгі міндеттер мен көрсеткіштері бар іс-шаралар жоспарын дайындаймыз, - деді ол.

 


 


 

Өзгелердің жаңалығы