«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

30 Тамыз 2019, 15:47
1560
Бөлісу:
«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бес дүркін чемпионы «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

«Астана» футболшылары іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесінде Беларусь елінің БАТЭ клубымен кездескен. Алғашқы ойында Нұр-Сұлтанда өтіп, жерлестеріміз 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Ал қарымта ойында БАТЭ ойыншылары 2:0 есебімен ұтты. Дегенмен, гол саны бойынша «Астана» топтық кезеңге жолдма алды. 

Есепті 6-минутта БАТЭ сапынан Максим Скавыш ашты. Екінші таймда екінші голын кіргізген еді. Бірақ төреші офсайд деп есептеген жоқ. дегенмен, соған қарамастан 85-минутта Евгений Яблонский екінші голды соқты. Бірақ осыдан кейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. «Астана» өзіне керекті есепті ұстай білді. Сөйтіп, Роман Григорчук шәкірттері кезекті рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Өзгелердің жаңалығы