«Астана» бір күнде ресейлік екі командамен кездеседі

15 Ақпан 2021, 20:16
1370
Бөлісу:
«Астана» бір күнде ресейлік екі командамен кездеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» футбол клубының жаттықтырушылар штабының шешімімен елордалық команда 17 ақпанда екі түрлі құраммен екі матч өткізеді.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана» 17 ақпан таңертең Түркия уақытымен 11:00-де ресейлік «Балтика» (Калининград) клубымен кездеседі. 

Екінші матч 17:00-де өтеді. Андрей Тихонов шәкірттерінің кезекті қарсыласы - мәскеулік «Торпедо». КСРО-ның үш дүркін чемпионы, КСРО мен Ресей кубогының 7 дүркін жеңімпазы қазіргі уақытта ҰФЛ-дың турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Команданың бас бапкері - Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сергей Игнашевич.

Өзгелердің жаңалығы