Астана әуежайында 400 млн теңгенің бұйымын заңсыз әкетпек болған

20 Сәуір 2024, 07:30
424
Бөлісу:
Астана әуежайында 400 млн теңгенің бұйымын заңсыз әкетпек болған
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Елорда әуежайында 400 млн теңге мен алтын құймаларды заңсыз сыртқа шығару әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қолма-қол ақшаны сыртқа алып кету ерекше бақылауда.

2024 жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша МКД "Әуежай-Астана" кеден бекетінің қызметкерлері кедендік бақылау кезінде жалпы құны 400 миллион теңгеден астам валютаны заңсыз әкетудің 22 фактісін құрықтады, - делінген хабарламада.

Мәселен, жыл басында "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында "Астана-Ыстамбұл" халықаралық рейсін кедендік бақылау кезінде Қазақстан Республикасының азаматы 74 миллион теңгеден астам сомаға шетелдік валютаны заңсыз әкетпек болған.

Бұл ретте Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен 172 млн теңгеден астам сомаға 3 материал, әкімшілік құқық бұзушылық белгілерімен 281 млн теңгеге 19 факті, онда айыппұл сомасы 664 560 теңгені құрады.

Сонымен қатар  азаматтар жалпы салмағы 433 грамм алтын құймаларын және жалпы салмағы 3000 грамм коллекциялық монеталарды (құны 70 миллион теңгеден астам) заңсыз әкету бойынша заң бұзушылыққа жол берген.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің Ұлттық банкі шығарған, Қазақстаннан 10 000 доллар баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын және алтын құймаларын, инвестициялық монеталарды және т.б. әкетуге тыйым салынғанын еске салады, жоғарыда аталған нормаларды бұзғаны үшін бұзушылыққа қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы