Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Елордалық гарнизон өрт сөндірушілерінің күшімен әуежай ауданындағы құрғақ шөптің жануы 3 гектар алаңда сағат 18.48-де сөндірілді. Естеріңізге сала кетейік, өрт сөндіру техниканың жану аймағына баруы қиын болғаны, желдің өрттің таралуына ықпал етуі өртті сөндіруді қиындатты, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін әуежай маңында қамыс пен шөп өртенді. Азаматтық авиация комитеті өртке қатысты мәлімдеме жасап, әуежай штаттық режимде істеп тұрғанын мәлімдеді.