Астана атауының өзгеруіне орай елордалықтар құжат ауыстыра ма?

16 Қыркүйек 2022, 11:13
1123
Бөлісу:
Астана атауының өзгеруіне орай елордалықтар құжат ауыстыра ма?

Бұл сұраққа Әділет министрі Қанат Мусин жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елорданың бұрынғы атауының қайтарылуына байланысты Астана тұрғындары арасында жеке құжаттарын ауыстыру қажет пе деген сұрақ туындауы заңдылық.

Астананың атауын өзгерту азаматтарға құқық белгілейтін құжаттарды ауыстыру жөніндегі міндетті жүктемейді. Бұрын алынған қағаздар елорданың жаңа атауы көрсетілген құжаттармен қатар заңды күшіне ие болады, - деп түсіндірді Әділет министрі. 

Еске сала кетейік, елордада өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттары ел астанасының атауын өзгертуді қолдап дауыс берген болатын.  
Республикамыздың елордасы атауын Астана деп өзгерту мәселесі «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасында қамтылды. 
Астана атауын өзгерту туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. 
«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысын Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бір ауыздан қолдап дауыс берді.

Өзгелердің жаңалығы