"Астана" алты дүркін чемпион атанды

4 Қараша 2019, 15:20
2364
Бөлісу:
"Астана" алты дүркін чемпион атанды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында да "Астана" топ жарды. Сөйтіп, елорда командасы алты дүркін чемпион атанды. 

Ал "Қайрат" биыл тағы екінші орынды қанағат тұтты. Қола жүлденің иегері келесі аптада анықталады.

Павлодарда "Ертіс" Алматының "Қайратын" жеңген соң, "Астана" алтыншы чемпиондығын тойлады. Өз кезегінде Роман Григорчук шәкірттері Қостанайда "Тобылдан" басым түсті. Матчта жалғыз голды Юрий Логвиненко соқты. Қазақстан құрамасының 31 жастағы қорғаушысы соңғы екі ойында "Астанаға" алты ұпай сыйлады. Сәрсенбі күні премьер-лиганың кейінге шегерілген ойындарының бірінде Көкшетауда "Оқжетпес" қақпасына қайшылап гол соққан да осы Логвиненко болатын. 

WhatsApp Image 2019-11-04 at 15.15.45.jpeg

"Астана" алтыншы рет чемпион атанса, "Тобыл" үшін қола жүлде де бұйырмайтын секілді. Қатарынан үш ойында 9 ұпайдан айырылған Қостанай командасының алдына "Ордабасы" шығып кетті.

"Тобыл" маусым бойы алғашқы үштіктен төмен сырғыған емес. Тіпті, арасында бірнеше тур бірінші орында да жүрді. Енді, келесі жылы еурокубок ойындарынан да тыс қалуы мүмкін. 

"Тобыл" (Қостанай) – "Астана" (Нұр-Сұлтан) – 0:1 

Гол: Логвиненко, 37 (0:1).

"Тобыл": Балаев, Андрюшкявичюс, Валиуллин (Квеквескири, 61), Дмитренко, Жулпа, Канкава, Мирошниченко, Нұрғалиев (к), Себаи, Тұрысбек (Шерстов, 81), Федин

WhatsApp Image 2019-11-04 at 15.15.53.jpeg

"Астана": Эрич (к), Логвиненко, Маевский, Постников, Ротариу, Рукавина, Томасов, Хижниченко (Янга, 90+1), Шимунович (Перцух, 46), Шомко, Бейсебеков.

Өзгелердің жаңалығы