Астана, Алматы және Семейде қоғамдық көлік бір күн тегін жүреді

Мұндай шешім мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты қабылданды.

 ашық дереккөз 29 Қараша 2026, 02:17
29 Қараша 2026, 02:17
116
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанның кемінде үш қаласында 29 қарашада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады.

Мұндай шешім мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты қабылданды.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жексенбі күні қалалық, қала маңындағы және экспресс автобустарда, сондай-ақ жеңіл рельсті көлікте жолақы алынбайды. Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін белгіленген кестеге сай қатынайды.

Алматыда да қала тұрғындары мен қонақтары күні бойы автобус, троллейбус және метро қызметін тегін пайдалана алады.

Семейде қоғамдық көліктің барлық бағыты бойынша жолақы алынбайды.

Бұл шара тұрғындардың сайлау учаскелеріне кедергісіз жетуі үшін қолға алынып отыр. Астанада 30 қарашадан бастап қоғамдық көлік әдеттегі тәртіппен жұмыс істейді.

Наверх