Астана әкімі Агроқалашық тұрғындарымен кездесті

26 Мамыр 2023, 13:00
725
Бөлісу:
Астана әкімі Агроқалашық тұрғындарымен кездесті
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Агроқалашық, елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселе туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайты.

Агроқалашық елді мекенінің (Сарыарқа ауданы) тұрғындарымен нәтижелі кездесу өткіздік. Тұрғындар жолдар мен тротуарлар, инженерлік желілер салу, жарықтандыру, бейнебақылау камераларын орнату, тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, газдандыру секілді т.б. мәселелерді көтерді.Сұрақтар жеткілікті, олар шешімін табады. Тұрғындармен бірге ең алдымен орындалуы тиіс міндеттерді белгілейміз. Агроқалашық елді мекенін кестеге сәйкес кезең-кезеңімен дамытамыз,-деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі Агроқалашық тұрғындарымен кездесті

Жиында тұрғындар газдандыру мәселесін көтерді. 

Агроқалашық елді мекені газдандырылған, бірақ жекелеген тұстары бар, олар бойынша биыл жұмыс жобасын аяқтаймыз, ал келер жылы желі құрылысын бастаймыз және қалған үйлерді газға қосамыз, - дейді ол.

Астана әкімі Агроқалашық тұрғындарымен кездесті

Сол сияқты тұрғындар апатты үйлерді бұзу бойынша,  сумен жабдықтау бойынша да сұрақтар қойды.

Астана әкімі Агроқалашық тұрғындарымен кездесті

Келесі жылы аталмыш елді мекенде үш үйді бұзуды жоспарлап отырмыз. Қала бойынша барлығы 200-ден астам апатты үй бар. Алдағы 3 жылда тозығы жеткен үйлердің тұрғындары үшін 2,5-3 мыңға жуық пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Жаңа ауыз су станциясы (ССС-3) арқылы осы мәселені биыл маусым айында ішінара шешеміз, ал тамыз айында тәулігіне 100 мың текше метрден астам су беріледі.Абаттандыру маусымын ескере отырып, аудандарда жолдар, тротуарлар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу жұмысы жүріп жатыр, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі Агроқалашық тұрғындарымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы