Астана әкімі Жеңіс Қасымбек АЭС бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таңертең №211 сайлау учаскесіне барып, дауыс бердім. Қалада 460 сайлау учаскесі ашылды. Тұрғындар дауыс беру үшін өз учаскелерін ресми веб-қызмет: https://referendum.astana.kz/, Telegram чат-боты https://t.me/referendum_astana_bot, IKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі, «Smart Astana» мобильді қосымшасының «New» бөлімінде – «Референдум учаскесін іздеу» арқылы біле алады. Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүргендердің бәріне алғыс білдіремін, - деді ол.
Еске салсақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 17,79%-і бюллетень алған еді.