Астана, BAQ.KZ. Елордалық жеке кәсіпкер В.М.Кохтың заңгерлері журналистерге хабарласып, даулы сот шешімімен бизнесінен айырылып қалайын деп тұрған кәсіпкердің мұңын жеткізді.
Заңгерлердің айтуынша, 150 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін бизнес орта жолдан тоқырап қалуы әбден мүмкін.
Toppress.kz порталының хабарлауынша, бұл келеңсіз оқиға 2016 жылы басталған. Сол жылы бизнесмен Астананың жеке сот орындаушылары тәркілеген, қайта сатылымға шығарылған жер телімін алған болатын. Бұл жер Абай көшесінің бойында орналасқан, онда 8 жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған нысан бар. Заңгерлердің айтуынша, жер телімі бағалау құнына сай, сот орындаушысының есеп айырысу шотына аудару арқылы жасалған. Келісімшарт таза және заңға сай болды.
Бизнесмен жер теліміне қол жеткізісімен, нысанды жөндеуге, құрылыс жоспарына сәйкес оны салуға және инспекциялауға кірісіп кеткен. Нысан құрылысына 114 миллион теңге салып, осы салынған қаражаттың арқасында ол коммерциялық тұрғыда өте тартымды нысанға айналды.
Алайда бұл іске екінші бір тарап араласты. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүддесін сенімхат арқылы қорғайтын, ТҚК-ның бүкіл қызметін басқарып отырған бір адам пайда болып, оған өзіне 200 мың АҚШ долларын төлеуді талап етті, бұл бизнесменге «проблема болмауы үшін» керек екен. Алайда өзінің ісінің дұрыстығына және жер телімін сатып алу туралы келісімнің ашықтығына сенетін бизнесмен бұл бопсалаудан бас тартты. Кәсіпкердің заңгерлерінің айтуынша, ТҚК өкілі ойдан шығарылған келесі мотивтер бойынша шағым түсіріп отыр:
1) Кәсіпкер В.М.Кохқа жер телімін сатқан сот орындаушысының үстінен заңға қайша әрекеттері үшін айып тағылған. Сот оны кінәсіз деп тапқанына қарамастан, шағымданушылар Жоғарғы Сотқа дейін барды. Алайда Жоғарғы Сотта да сот орындаушысының кінәсіз екендігі анықталды.
2). Астана әкімдігі тарапынан шағым жасалғанымен, барлық деңгейдегі сот орындары тағы да оны қанағаттандырмады.
3. Одан кейінгі кезекте ТҚК өкілі кооперативтің бір мүшесінің атынан аталған нысанды тартап алмақ болғанымен, ҚР Сотының барлық инстанциялары оның талаптарын қанағаттандырмады.
Алайда, ашық күнде найзағай ойнатқан бір жағдай болды. Кәсіпкер Кохтың заңгерлері айтқандай, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі алқасы ТҚК мүшесінің ісі бойынша шығарылған қаулыны жоққа шығарды. Оған 2008 жылы меншік иесі дәрменсіздігіне байланысты мүлкі ТҚК-ге өткізіліпті, оның барлық мүлкіне құқылы екенін ТҚК мүшесі осыған дейін білмей келген-мыс.
Кәсіпкердің заңгерлері енді әділдікті Жоғары Сот пен «Атамекен» ҰКП-дан іздемек.
– Қазақстанның Жоғарғы Сотынан, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан осы іске ерекше назар аударуды, қай тұста және қалайша сот шешімі бұзылғанын түсіндіргенін сұраймыз,– дейді олар.
Кәсіпкер заңгерлерінің шағымында айтылғандай, мұндай жағдай адал сатып алушының моральдық және материалдық шығынға батуына соқтырады, қатардағы азаматтардың бизнеспен айналысуға деген ынтасын жояды.