Ассамблея студенттердің үздік ғылыми жұмыстарын анықтады

14 Желтоқсан 2022, 17:46
1158
Бөлісу:
Ассамблея студенттердің үздік ғылыми жұмыстарын анықтады

Достық үйінде елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен этносаралық келісім тақырыбындағы студенттік ғылыми жұмыстар байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Байқау Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми әлеуетін тарту арқылы этносаралық келісімді, этносаяси және этноәлеуметтік жағдайды жетілдіру, студенттер арасында этносаралық келісімді және Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайту мақсатында өткізілді.

Жалпы байқауға 21 ғылыми жұмыс келіп түсті.    

Комиссияның шешімімен келесі студенттер сертификаттармен марапатталды: 

1-орын – Раяна Кенжебекқызы және Аружан Мұқатай (250 000 теңге);

2-орын – Қаламқас Ұланқызы (200 000 теңге);

3-орын – Аяулым Гүлмамедова (150 000 теңге).

5 номинация бойынша үздік жұмыстардың авторлары:

  1. «Өзекті тақырып» – Даяна Мелдебекова;
  2. «Жоба жаңалығы» – Тілеубек Тыныбекұлы;
  3. «Ұжымдық жұмыс» – Расул Ержанов және Жантуар Таткеев;
  4. «Үздік рәсімделген жұмыс» – Кәусар Макашева.

«Авторлық түпнұсқа туынды» номинациясы бойынша Диас Жанатаев ынталандыру сыйлығымен және дипломмен марапатталды. 

Байқауға қатысқан өзге студенттерге де сертификаттар табыс етілді.

Өзгелердің жаңалығы