Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі Элина Паули мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгін ассамблеяда тарихи оқиға орын алды деп айтуға болады.
Біріншіден, бұл сайлау – біздің Парламент Мәжілісіне Ассамблеяның депутатын сайлаудың маңызы зор. Біз бүгін Ассамблея мүшелеріне дауыс бердік. Қолданыстағы заңнама бойынша Мәжілістің 9 депутаттығының құрамына кіретін адамдардың біреуін сайладық. Бүгіннен бастап сайлаудан кейін біздің екі кандидаттың бірі сайланып, Мәжіліске кіреді. Кандидаттар – Кузнеев және Таврионас. Олар біздің этно-мәдени бірлестіктердің атақты тұлғалары. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысады. Ассамблея жастары үшін үлгі тұтарлық жандар деп айта аламын, - деді ол.
Сонымен қатар ол мұндай форматтағы дауыс беру соңғы рет өткізіліп отыр деп есептейтінін алға тартты.
Президент сайлау туралы заңнаманың өзгеретінін айтқаны белгілі. Бұдан былай Ассамблея өкілдері Сенатқа ұсыныс бойынша кіреді. Ассамблея депутаттары барлық салаға өз үлесін қосады. Себебі біреуі қоғаммен жұмыс істесе, енді бірі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондықтан олар басқа депутаттармен бірлесіп, тәжірибесі де мол, белсенділіктерін де танытады. Жаңа депутаттардан жаңа идеялар күтеміз. Жаңа Қазақстанды құруға жаңа ұсыныстар айтып, заңнаманы жетілдіруге үлесін қосады деп сенеміз, - деді Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі.