Асқар Омаров Ырғыз ауданының жұртшылығымен кездесті

19 Маусым 2022, 09:30
1741
Бөлісу:
Асқар Омаров Ырғыз ауданының жұртшылығымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ырғыз ауданының тұрғындарымен кездесті. 

Кездесу барысында А.Омаров министрліктің іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді.

Министр өңірлік БАҚ-ты барынша тарта отырып, өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты уақытылы іске асыру қажеттігі туралы атап өтті. Сонымен қатар азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша, атап айтқанда: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландыру; волонтёрлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру, волонтерлік туралы егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Кездесуде халық министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша халықты толғандыратын өзекті сұрақтар қойылды. 

Мәселен дін, идеология, БАҚ-тағы контент, волонтерлік қызмет, жастар жайы көтерілді. Кей тұрғындар Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізіне қосылатын Ырғыз жолының жөндеуден өткізілуге тиіс екенін айтты. Бір байқалғаны, жергілікті халық елдік деңгейдегі сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды. 

Іс-сапар бағдарламасының маңызды бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг пен азаматтарды жеке қабылдау болды. Сондай-ақ Асқар Омаров Ырғыз аудандық мешіті, “Ырғыз” газеті секілді нысандардың да жұмысымен танысып, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы