Асқар Омаров ақтөбелік журналистермен жүздесті

19 Маусым 2022, 19:04
1687
Бөлісу:
Асқар Омаров ақтөбелік журналистермен жүздесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбедегі сапарының екінші күні жергілікті журналистермен кездесті. 

БАҚ өкілдері медиа заңнамаға енетін өзгерістерге қатысты сауалдар қойды. Журналист мәртебесі мен құқығы, кадр мәселесі, газет тарату және жалпы ақпарат құралдарына қатысты сұрақтар көтерілді. 

Министр айтылған жайттарға жан-жақты жауап беріп, кей мәселені жеке бақылауына алатынын жеткізді.

Сапар аясында А.Омаров "Ақтөбе" арнасының техникалық жағдайымен танысып, арна қызметкерлерімен сөйлесті. Жиын соңында министр БАҚ қызметкерлері күні мерекесіне орай бірқатар журналиске Ақпарат саласының үздігі төсбелгісі мен министрліктің Құрмет грамотасын табыстады.

Өзгелердің жаңалығы