Асқар Мамин Ақтөбеге барды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин барды, деп хабарлады&nbsp;BNews.kz.</h4>

 23 Тамыз 2019 2019, 09:39
23 Тамыз 2019 2019, 09:39
1658

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин барды, деп хабарлады BNews.kz.

Бүгін түске дейін Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық маңызды нысандарын аралап көру жоспарланып отыр.

Үкімет басшысына қаладағы «Нұр-сити» ауданында жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй құрылысының бағдарламасы таныстырылады. Айта кетейік, Ақтөбеде 2017 жылдан бері жалпы аумағы 160 мың шаршы метр тұрғын үй – 3 635 пәтер пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін 2 мыңнан астам, яғни 128,8 мың шаршы метр пәтер беріледі деген жоспар бар.


Наверх