Аспандап кетпейді. Сауда министрі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

22 Қараша 2022, 11:49
2234
Бөлісу:
Аспандап кетпейді. Сауда министрі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Баға тұрақтай ма? Бұл сұраққа Үкімет отырысынан соң Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Арамызда өтірік болмасын. Мен сізге баға тұрақты болады деп айтқан емеспін. Біздің мақсатымыз бағаның серпінін тоқтату. Баға тұрақты болу үшін өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, азық-түлік қауіпсіздігін жоғарылату керек. Қазір азық-түліктің 40 пайызы Ресейден жеткізіледі. Бұрын 1 рубль 4 теңге болса, қазір ол 8 теңге болды. Ресейдегі азық-түлік инфляциясы – 15 пайыз. Баға қалай тұрақтайды, – деді Сауда министрі.

Ведомства басшысы Жаңа жыл қарсаңында баға тағы аспандап кетпей пе? деген сұраққа: 

Аспандап  кетпейді. Бірақ сізге (баға – автор) тұрақты болады деп  уәде бере алмаймын, – деп жауап қатты Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Өзгелердің жаңалығы