Асланбек Шымбергенов Астанадағы бокс кешінде жеңілді

16 Желтоқсан 2023, 00:22
957
Бөлісу:
Асланбек Шымбергенов Астанадағы бокс кешінде жеңілді
Фото: prosports.kz

Астанада өтіп жатқан бокс кешінде әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов мексикалық спортшы Хосе Мигель Боррегодан ұтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынған түскен отандасымыз жартылай кәсіпқой бокс кездесуінің 4-ші раундтында оңбай ұтылды. Оны мексикалық Боррего бір сұлатып салып, уақытынан бұрын жеңді.

Төртінші раундта нокдаун тіркелген сәтте бас бапкер Мырзағали Айтжанов рингке орамал лақтырды.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, Ерасыл Жақпеков те жеңілістің ащы дәмін татты.

Өзгелердің жаңалығы