Аскрен: МакГрегор кетпейді, ол осылай келіссөз жүргізеді

9 Маусым 2020, 18:35
1366
Бөлісу:
Аскрен: МакГрегор кетпейді, ол осылай келіссөз жүргізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бен Аскрен ирландиялық балуанның Джастин Гэтжимен жекпе-жегін күтуде.

UFC бұрынғы балуаны Бен Аскрен Конор Макгрегор мансабын аяқтамайтынына сенімді. Америкалықтың пікірінше, экс-чемпион келіссөздерді осылайша жүргізеді, деп жазды korrespondent.net.

Естеріңізде болса, бұған дейін орта салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы – ирландиялық Конор Макгрегор карьерасы аяқталатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, Аскрен ирландиялық балуанның Джастин Гэтжимен болатын жекпе-жегін күтетінін атап өтті.
Макгрегор кетпейді, ол осындай жолмен келіссөздер жүргізуде. Ол осылай саудаласады. Мен Конор мен Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жекті шілде айында Күрес аралында күтемін, - деп жазды Бен Аскрен өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы