Әскерилердің жалақысын 3 есе арттыру ұсынылды

Мәжілісте терроризмге қарсы операциялар мен төтенше жағдай кезінде әскери қызметшілерге қосымша төлем енгізу мәселесі көтерілді

Бүгiн 2026, 12:17
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 12:17
Бүгiн 2026, 12:17
115
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында төтенше жағдайларды жоюға, терроризмге қарсы операцияларға және төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге тартылатын әскери қызметшілерге үш еселенген мөлшерде ақшалай қамтамасыз ету төлеу ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы депутат Олжас Құспеков мәлімдеді.

Депутаттың айтуынша, жаңа төлем Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне қатысты болады.

Бұл ұсыныс тәуекел деңгейінің жоғары болуына, психологиялық және физикалық жүктеменің көптігіне, сондай-ақ ерекше қызмет жағдайларына байланысты енгізіліп отыр, – деді Олжас Құспеков.

Оның сөзінше, ұсынылып отырған тетік әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге және маңызды міндеттерді орындау кезіндегі материалдық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.

Депутат бұл бастама 2025 жылғы 19 желтоқсанда Республикалық бюджет комиссиясы тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек 900 мың теңге жалақысының жетпейтінін айтты

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстан бітімгерлерінің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды

Қазақстанда сарбаздарға смартфон қолдануға рұқсат берілді

1000-нан астам сарбаз 300 млн теңге несиені кейін төлейтін болды

Наверх