Әскерилердің азық-түлігіне бөлінетін қаржыны көбейту ұсынылды

30 Қаңтар 2024, 16:52
429
Бөлісу:
Әскерилердің азық-түлігіне бөлінетін қаржыны көбейту ұсынылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Әскерилердің азық-түлік үлесінің құнын ұлғайту ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс комитетінің отырысында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қарулы күштердің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі жалпыәскери үлес құны 2250 теңге. Бұл ретте мұнда қызметкердің көлік шығысы, жалақысы және басқа ескерілмеген, бұл жеткізілетін азық-түліктің сапасына кері әсер етеді. Ешқандай коммерциялық құрылым өзіне шығын келтіріп, жұмыс істемейтінін ескеру қажет, - деді ол.

Қамалетдиновтің айтуынша, соңғы рет арттыру 2022 жылғы тамызда болды. Азық-түлік ай сайын қымбаттап жатыр. Елдегі орташа жылдық инфляция мөлшері 8-8,5%-ды құрайды.

2023 жылы азық-түлік бағасы қайта есептеліп, жалпыәскери үлес құны 2860 теңгені құрады. Жеке құрамды сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жалпыәскери үлес құнын ұлғайту жоспарланғанын ескеріп, сомасы 4,02 млрд теңге қосымша қаражат бөлу қажет болады, - дейді вице-министр Мәжілісте.

Қорғаныс министрлігі осыған байланысты Қаржы министрлігіне қажетті қаражат бөлу және оны Республикалық бюджет комиссиясында бекіту туралы мәселені қарауды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы