Әскерилер шығыстағы ауылдықтарға қар тазартуға көмекке барды

11 Ақпан 2024, 12:36
1029
Бөлісу:
Әскерилер шығыстағы ауылдықтарға қар тазартуға көмекке барды
Фото: gov.kz

Қарлы боран салдарынан Шығыс Қазақстан облысының көптеген елді мекендері негізгі жолдардан ажырап қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарулы күштердің 02352, 10810 және 32388 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді. Жолдарды тазарту үшін "Шығыс" ӨңҚ жеке құрам мен бульдозер – артиллериялық тартқыш және жоғары өтімді Камаз секілді арнайы техника бөлді.

Қазіргі уақытта Күршім ауданының Марқакөл, Теректі, Ақжайлау және Балықтыбұлақ ауылдарында облыстық маңызы бар жолдарға шығатын жолдар ашылды.

Ауылдастарымның атынан әскери қызметшілерге зор алғыс айтамын. Қиын сәтте олар бізге көмек қолын созып, жолды қалың қардан тазартты. Отан қорғаушылардың қиын қызметтеріне сәттілік тілеймін, – дейді Ақжайлау ауылының тұрғыны Кенжехан Жайнамысов.

Айта кету керек, жолдарды тазарту бойынша іс-шараларға жеті әскери қызметші мен төрт арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыс жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы