Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырсында депутат Артур Платонов бас прокуратурадан қаңтар оқиғасы кезінде әскерилер неліктен Алматы әуежайын тастап кеткенін туралы сұрады.
Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, қазір Алматы әуежайын әскерилер неге қорғансыз тасап кеткені тергеліп жатыр.
5 қаңтарда Авиациялық қауіпсіздік күштерінің 170 қызметкері Алматы әуежайын күзеткен. Алайда олар әуежайды тонар алдында еш қарсылық көрсетпестен ол жерден кетіп қалған. Олар өздерінің түсінігінде басшыларынан сондай бұйрық алғандарын алға тартуда. Сондықтан бұл қызметкерлерге қатысты баға қылмыстық тергеу жұмыстары аяқталған соң беріледі,- деді Ожаров.
Сонымен қатар ол әуежайды басып алғандардың жеке тұлғасын анықтау бойынша тергеу жүріп жатқанын жеткізді.
Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрі аяқталған соң әуежайды басып алушылардың кімдер екеніне қатысты қосымша мәлімет береміз,-деді ол.
Оқи отырыңыз: