Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

1 Маусым 2019, 17:45
3348
Бөлісу:
Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілері балаларға арнап керемет мереке ұйымдастырды.

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Көптен күткен шырайлы жаз жайма шуақ және жылулық сезімдерге толы оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр. Осындай оқиғалардың бірі Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар болды.  

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Барымыз да нарымыз да – балалар. Сондықтан оларға қамқорлық танытып, олардың балалық шағын қызықты еткен абзал. Баланың күлкісі мен қуанышқа толы жанары әлемдегі ең үлкен байлық.

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Халықаралық балаларды қорғау күні әр баланың балалық дәурені қызыққа толы әрі бақытты болуы тиістігін тағы бір рет еске салады. Балалардың көңіл-күйін шат-шадыман қылу, жағымды эмоциялар, достық, патриотизм сезімін туғызу, олардың арасындағы достастық қарым-қатынасты жақсарту өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты болды.

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Атырау, Ақтөбе және Ақтау қаласында мереке әскери бөлімдердің аумағында ұйымдастырылды. 

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Онда әртүрлі жаппайы ойындар (мен асфальтта сурет саламын, шарларды үрлеу және т.б.), жергілікті ансамбль әртістерімен көңілді билер, аниматорлардың интерактивті бағдарламасы болды. 

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Сондай-ақ, өңірлік әскери гарнизондарда әскери қызметшілері балаларының суреттер көрмесінің тұсаукесері өткізілді. 

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Мейрам самаладай жарық, көңілді және әсерлі болды. Балалар мен ересектер керемет оң әсерге бөленді. 

Әскерилер балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Іс-шара «Фантазия» балалар студиясы әзірлеген мерекелік концертпен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы