Әскерилер арасындағы суицид мәселесі: Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді

Бөлісу:
Әскерилер арасындағы суицид мәселесі: Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді
Фото: автордан

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Мәжілістің кулуарында әскерилер арасында суицид төмендетіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, 2020 жылдан бастап мерзімдік әскери қызметшілер саны 12 мыңға көбейген. Ал статистика әскерде жыл сайын өлім-жітім төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр.

Кінәлілер министрдің тәртіптік жарғысына сай жазаланады. Қазір қолымда цифр болмағандықтан, қателесуім мүмкін. Бірақ менің ойымша, 2024 жылы 3 суицид жағдайы болды. Әлеуметтік желіде жыл сайын 270 деп таралып жатқан сандар – бұрмаланған. Әңгіме мерзімдік әскери қызметшілер туралы болып отыр, - деп айтты Шайх-Хасан Жазықбаев.

Жазықбаев әскерилер арасындағы суицидке байланысты министрден ауызша ескерту алған.

Өзгелердің жаңалығы