Әскери ЖОО оқытушылары мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

23 Ақпан 2023, 13:21
832
Бөлісу:
Әскери ЖОО оқытушылары мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
Фото: informburo.kz

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, биыл бірқатар әскери қызметкердің жалақысы көтеріледі. 

Қазір әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайтылды. Одан басқа, жыл соңына қарай әскери жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақасын азаматтық жоғары оқу орындарындағы деңгейге дейін көтеру бойынша мәселе шешімін табады. Әскери медицина саласында қызмет ететіндерге бөлінетін қаржыны да азаматтық сектордағы медқызметкерлер деңгейіне дейін көтеру ұсынысын Үкімет қолдады, - деп атап өтті вице-министр Сенат отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Белгілі болғандай, әскериледің жалақы 30 пайыздан астам мөлшерге көтеріледі деп жоспарланып отыр.  

Еске сала кетейік, бұған дейін сенаторлар мақұлдаған әскери полицияға қатысты жаңа заңда «қызметкер» сөзі қолданылмайтыны туралы жазған болатынбыз. Жаңа заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Заң Мәжіліс қабылдаған «Әскери полиция органдары туралы» заңның ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген.

Өзгелердің жаңалығы