Әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығуы өтті

19 Наурыз 2021, 22:30
2362
Бөлісу:
Әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығуы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда кемелерді орналастыру пункттерінің диверсияға қарсы қорғанысын ұйымдастырудан әскери-теңіз күштері мен теңіз жаяу әскерлері бригадасының бірлескен оқу-жаттығуы өтті.

Дабыл беріле сала арнайы мақсаттағы жауынгерлік барлау батальоны көтерілді. Арнайы мақсаттағы барлау ротасына Әскери-теңіз күштерінің объектілерін күзету және қорғау туралы жауынгерлік оқу-жаттығу міндеті қойылды.

Әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығуы өтті

Бөлімшелер ұйымдасқан түрде кемелер орналасқан аймаққа марш жасап, содан кейін қарсыластың су асты диверсиялық күштерінің енуіне жол бермеу үшін Әскери-теңіз күштерінің пирстері мен кемелерін күзетуді және қорғауды ұйымдастырды. Бөлімшелердің жеке құрамы қолбасшылықтан өрт сөндіру және медициналық командаларды қолдану бойынша түрлі нұсқау алды. Ал әскери теңізшілер теңізге шықты.

Әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығуы өтті

Аталған оқу-жаттығуға штаттық қару-жарақпен барлығы 150-ге жуық әскери қызметші, әскери және арнайы техника жұмылдырылды.

Әскери теңізшілер мен теңіз жаяу әскерлерінің оқу-жаттығуы өтті

Бұл оқу-жаттығу жеке құрамға су астындағы диверсияға қарсы іс-қимылдар мен күзет іс-шараларын ұйымдастыруға қажетті практикалық машықтарды үйренуге мүмкіндік берді.

Осындай бірлескен оқу-жаттығу жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұдайы түрде жауынгерлік жағдайды күшейте отырып өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы