Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің іздестіру-экспедициялық бөлімі Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық сарбаздарға іздестіру-мұрағаттық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
2020 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толады. Ұзақ жылдар бойы көптеген қазақстандық отбасылар үшін ата-бабаларының қабірінің нақты орналасуы туралы ақпарат қолжетімсіз жәнеде әлі күнге дейін 100 мыңнан астам қазақстандық жауынгерлер қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп есептеледі.
Іздеу жұмыстары үшін ТМД және алыс шетелдердегі қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен сарбаздардың деректер базасы, интернет-ресурстар және бұрын жабық болған ақпараттар, сонымен қатар шетелдік мұрағаттар және 1941-1945 жылдардағы қызыл әскердің қайтарымсыз шығыны туралы құпиясыздандырылған хабарламалар пайдаланылады.
Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайларымен, мұрағаттармен, ғалым-зерттеушілермен, мұрағатшылармен, іздеушілермен, "Атамнын Аманаты" қоғамдық бірлестігімен және жергілікті әскери басқару органдарымен бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылғы қаңтар айы бойынша ҚР ҚК Әскери-тарихи мұражайына соғысқа қатысқандардың туыстарынан 556 өтінім келіп түсті. 48 өтінім бойынша алғашқы жерлеу орындарының орналасқан жері туралы ақпарат анықталды.
Олардың 38-і Ресей Федерациясының аумағында орналасқан (Ростов облысы, Матвеево-Қорған ауданы; Орлов облысы, Ульянов ауданы; Карело-фин КСР, Петровский ауданы және т. б.);
4-і Мажарстан аумағында (Мике-Перч ауылы, батыс аймақ);
2-і Латвияда (Карсаев уезді);
2-і Германияда (Бранденбург, Ной-Левин ауылы, ағалық қабір);
1-і Польшада (Мазовецк елді-мекені);
1-і Белоруссияда (Полесск облысы);
Күнделікті 3-тен 5-ке дейін өтінімдер түседі.
Қырық жылдық өтілі бар тәжірибелі "Мемориалдық аймақ" іздестіру жасағының командирі Майдан Құсайыновтың айтуынша, жоғалған жауынгерлерді іздеудің түрлі әдістері бар.
Мәселен, мұрағаттық-далалық жұмыстардан бастап интернет-іздестіруге дейін. Қазір әлеуметтік желілердегі түрлі топтар мен қауымдастықтар қаза тапқан жауынгерлерді іздеу мәселесін шешудегі қуатты ресурс болып отыр - дейді ол.
Бөлімше жоспарында – ТМД және Еуропа елдерінде жерленген жерлерге шығуды ұйымдастыру арқылы іздеу жұмыстарын жетілдіру, әскери құрмет көрсету және Біз үшін Ұлы жеңіске жеткендер үшін соңғы әскери рәсімді орындау.