11 мамыр күні Әзербайжан армиясының әскери қызметшілері Махаммад Алибаба оғлы Гусейнов пен Камиль Джамиль оғлы Гафланов Келбаджар ауданында қызметтік міндеттерін атқару барысында минаға жарылды. Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады Oxu.Az.
Фото: видеодан алынған кадр
Жараланған әскери қызметшілер жақын маңдағы медициналық пунктке эвакуацияланды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сарбаздардың жағдайы тұрақты екені, қазіргі уақытта олардың әскери-медициналық мекемеде ем алып жатқаны айтылды.