Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен зардап шеккендерге жиналған қаражаттың қалай бөлінетінін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.
Сонымен қатар келіп жатқан қаражатты жинақтау мақсатында арнайы қор құрылды.
Осы қордың қызметін бақылау жөніндегі комиссияға жетекшілік етуді Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповке сеніп тапсырылған.
Қазіргі уақытта қорда қаражат жинақталды. Бұл Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері, Құрылтай депутаттары, саяси партиялар, кәсіпкерлер, демеушілер және басқа да жанашыр азаматтарымыздың арқасында мүмкін болып отыр, – деді Бекмұрат Жүсіпов.
Осыған байланысты қаражат жинақтау ресми түрде аяқталды.
Арнайы комиссияның жетекшісі ретінде Бекмұрат Жүсіпов жақын арада жиналған қаражат қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккендерге әділетті түрде және біркелкі бөлінетінін айтты. Оның ашықтығын комиссия құрамына кірген мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері де қадағалайды.
Атқарылып жатқан жұмыстың барысы туралы сіздерге тұрақты түрде хабарлап отырамын, – деді ол.
Оның айтуынша, қаржылай көмек қайғының орнын толтыра алмайды. Дегенмен осындай ауыр жағдайда отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету – парыз.
Сіздер бұл ауыртпалықпен жалғыз қалмайсыздар, – деді Бекмұрат Жүсіпов.
Ол сенім білдіріп, қайғыға ортақтасқан барша қазақстандықтарға алғыс айтты.