«Әскери құрылыс» акционерлік қоғамының дағдарыс жағдайын шешу жолдары талқыланды

14 Ақпан 2022, 22:44
2068
Бөлісу:
«Әскери құрылыс» акционерлік қоғамының дағдарыс жағдайын шешу жолдары талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың бастамасымен «Әскери құрылыс» акционерлік қоғамы қарыздар болған компаниялардың өкілдерімен кездесу өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес арнайы жұмыс тобы құрылатын болды. Бұдан былай қарай аталған жұмыс тобы Қорғаныс министрлігі Әскери инфрақұрылым бас басқармасының және тапсырыстарды орындаған компаниялардың өкілдерімен апта сайын кездесу өткізіп тұрады. 

Бізге бұл проблемалардың шешу жолдарын бірлесіп табу қажет. Қарыздарды өтеу бойынша нақты шешімдер қабылдануы керек. Келісімшарттарда көрсетілген міндеттемелердің орындалуына қол жеткізе отырып, қалған жұмыстар аяқталуы тиіс. Өйткені Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі осыған тікелей байланысты, – деп атап өтті Қорғаныс министрі.

 «Әскери құрылыс» АҚ-ның 100% акциясы мемлекетке тиесілі (бірден-бір акционерлік құқық Қорғаныс министрлігіне берілген). Қауымдастық «Әскери құрылыс Астана» ЖШС-нің бірден-бір құрылтайшысы болып табылады. 

Қорғаныс министрлігінің барлық жұмыстары мен қызметтері басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен тең дәрежеде жалпы конкурстық негізде мемлекеттік сатып алу рәсімдері шеңберінде Қауымдастық пен Серіктестіктен сатып алынады. Қосалқы мердігерлердің алдында кредиторлық қарыздардың пайда болуы Қорғаныс министрлігінің жауапсыздығынан орын алып отырған жоқ. 

Әскери ведомство «Әскери құрылыс» АҚ және «Әскери құрылыс Астана» ЖШС-мен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін уақытылы және толық орындады. Осыған қарамастан, Қорғаныс министрлігі дағдарыс жағдайынан шығудың сындарлы жолдарын бірлесіп табуға даяр. Қазіргі уақытта «Әскери құрылыс» АҚ басшылығының тарапынан мердігерлермен жұмыс істеуде жіберілген құқық бұзушылықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тексеріп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы