Әскери прокуратура: Психологта есепте тұрған әскерилерге қару берілген

18 Сәуір 2023, 14:15
639
Бөлісу:
Әскери прокуратура: Психологта есепте тұрған әскерилерге қару берілген
Фото: halyqline.kz

Елімізде психологтың есебінде тұрған әскерилерге қару берілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өткен отырыста мәлімдеді.

Айтуынша, жауынгерлерге психологиялық көмек көрсету жұмысында кемшіліктер жетерлік.

Елдегі психологтың бақылауында болған әскерилерге қару беріліп, кезекшілікке жіберілген. Арнаулы динамикалық бақылау тобындағы әскери тәуліктік нарядқа, атап айтқанда қарумен кезекшілікті атқаруға жол беру деректерін анықтады. Психологтарды даярлықтан өткізу талаптары орындалмады, - деп атап өтті Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Сондай-ақ Қазиев оған не себеп болғанын да тоқталды.

Себебі – психолог мамандығында оқыған кейбір әскери қызметшілер өз саласын тиісті деңгейде меңгермеген. Жеке құрамның психологиялық тестілеуден ұзақ өтуі де мәселеге айналып отыр. Өйткені бұл құжаттар қағаз жүзінде қолмен толтырылады. Сондықтан бұл бағытта цифрлық технологияны қарқынды енгізу керек, - деді Мақсат Қазиев.

Өзгелердің жаңалығы