Әскери полиция органдарының қатары жүзден аса сарбазбен толықты

21 Қаңтар 2023, 15:27
2172
Бөлісу:
Әскери полиция органдарының қатары жүзден аса сарбазбен толықты

Ақмола және Алматы өңірлік гарнизондарының әскери полиция басқармаларында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әскери ант қабылдаған сарбаздарды Қарулы күштер Әскери полициясы бас басқармасының басшылығы, ардагерлер мен ата-аналар құттықтады.

Әскери полиция органдарының қатары жүзден аса сарбазбен толықты

Бір ай бойы әскерге шақырылғандар жас жауынгер курсынан өтіп, әскерде қызмет ету үшін базалық білім алды.

Шара соңында ата-аналар мен қонақтар үшін әскери бөлімнің аумағына экскурсия ұйымдастырылып, оларды қызмет шарттарымен таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы