Әскери оқу орындарында IT-мамандарын даярлау күшейтілуде

28 Желтоқсан 2021, 08:26
1311
Бөлісу:
Әскери оқу орындарында IT-мамандарын даярлау күшейтілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде IT-технологиялар саласының мамандарын даярлауда қажетті жағдайлар жасалуда. Бұл әсіресе цифрлық технологиялармен әскери саланы қамту қарқынын ескеруде өзекті.

Әскери ведомство «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырып, басқару жүйелерін автоматтандырумен және әскери мақсаттағы ақпараттық жүйелерді енгізумен айналысады.

Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әскерлерді басқаруда цифрлық технологияларды дамыту, сондай-ақ кибер және ақпараттық кеңістіктегі іс-қимылдардың тактикасы мен стратегиясын әзірлеу міндеттері іске асырылуда.

Қорғаныс министрлігі IT-индустрияны және Қарулы Күштерде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын интеграциялау және әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігін тиімді басқару үшін осы бағыттағы мамандарды даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру жоспарын әзірледі.

ІТ-мамандарын даярлайтын Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен меморандум жасасты. Алғашқы мамандар 2021 жылы бітіріп шықты. Бүгінгі таңда 30-дан астам курсант «Әскери істегі киберқауіпсіздік» мамандығы бойынша білім алуда.

IT және киберқауіпсіздік мамандарын даярлау бағдарламалары қайта қаралып, ақпаратты қорғау кафедраларының оқу жоспарларына өзгерістер енгізілді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасына басқарудың автоматтандырылған жүйелері кафедрасы қайта бейінделеді. Бағдарламаларды жасақтау және ақпараттық жүйелерді құру саласындағы реформалау әскери IT-мамандарды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы