Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әскери қызметшілер "Керуен Сити" сауда-ойын-сауық орталығы мен "Бәйтерек" монументінің жанындағы алаңда мерекелік бағдарламаларын ұсынды.
Көркем музыкалық композициялар, салтанатты шерулер мен соғыс жылдарындағы әуезді әуендер көрермендерді бей-жай қалдырмады.
Олар Отан қорғаушыларға қошеметпен қолдау көрсетіп, алғыстарын айтты.
Таныс әндерді бірге шырқап, естелікке суретке түсті.