Әскери маман атанғың келсе...

14 Ақпан 2023, 15:41
1422
Бөлісу:
Әскери маман атанғың келсе...
Фото: martebe.kz

Елімізде қай әскери оқу орнына түсуге болатынын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор Жұмабек Ахметов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, Қарулы Күштерде  әскери білім жүйесі жалпы мемлекеттік білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі саналады. 

Сондай-ақ ол заманауи отандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлерге және әскери құралымдар үшін барлық деңгейдегі мамандарды дайындау функциясын орындайды.

Әскери білім беру жүйесі жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлауға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жүзеге асырады, - деді Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы.

Жұмабек Ахметов қандай оқу орындарында әскери білім алуға болатынын атап өтті.

1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті. Бұл магистратура мен докторантура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықты жүзеге асыратын әскери білім мен әскери ғылымның ең жоғары орталығы.

2) Ұлттық қорғаныс университеті төрт мамандық бойынша докторантура және магистратураның оперативті-тактикалық, стратегиялық және жедел-стратегиялық деңгейде басқару бағдарламаларды жүзеге асырады.

3) Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты  командалық мамандықтар бойынша кадрлар дайындайтын негізгі оқу орны.

4) Құрлық әскерлерінің әскери институты  жоғары әскери кәсіптік білім беру бағдарламасымен 6 мамандық және 14 біліктілік бойынша офицерлік кадрларды дайындайды. 

5) Ақтөбе қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Я. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері үшін ұшу және инженерлік құрамды даярлау орталығы.

6) Алматы қаласындағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты әуе шабуылына қарсы қоғаныс, басқарудың автоматтандырылған жүйелері, ақпаратты өңдеу және қорғау  мамандарын даярлайтын орталық. 

Өзгелердің жаңалығы