Әскери қызметтен босату туралы өтінішті онлайн жіберуге болады

10 Желтоқсан 2020, 15:51
1632
Бөлісу:
Әскери қызметтен босату туралы өтінішті онлайн жіберуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтері қолжетімді болды, деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, оларда бұл қызметтерді онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар.

Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді. Әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды алуы үшін біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы процесті оңтайландырдық. Қызметті 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады, - деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтерді алу үшін elicense.kz порталында авторизациядан өту қажет, кейін «Қауіпсіздік» қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау қажет. Әрі қарай, ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет. 

Шақыру комиссиясы өтінішті қоса берілген файлдармен қарайды және әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну туралы қорытынды шығарады.


Өзгелердің жаңалығы