Әскери қызметшілер Атырауда командалық штабтық жаттығуға қатысты

20 Тамыз 2021, 14:16
4769
Бөлісу:
Әскери қызметшілер Атырауда командалық штабтық жаттығуға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығына бағынысты әскери бөлімдердің жедел құрамымен командалық-штабтық оқу -жаттығу өткізілді. 

Бұл туралы ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттығу әскери бөлімдердің жалпы дайындығын, командалық-басқару органдарының дағдарыстық жағдайлар кезіндегі іс-әрекетін бағалау, сонымен қоса арнайы операцияларды ұйымдастыру кезіндегі үйлесімділік деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Жаттығу барысында жеке құрамды дабыл бойынша ескерту, командалық пункттерде жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру, байланыс, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жергілікті әскери қолбасшылықпен және басқа әскерлер мен әскери құралымдардың аумақтық командалық-басқару органдарымен өзара әрекеттесу мәселелері пысықталды, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жедел бөлімінің бастығы, полковник Талғат Кенжетаев. 


Өзгелердің жаңалығы